Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада болған жаппай төбелестің видеосы тарады

Опубликовано:

Жаппай төбелес
Жаппай төбелес. Фото: Telegram/EGOV.PRESS

Қызылордада түнгі уақытта болған жаппай төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп алды. Полиция оның қатысушыларының ешқайсы ауруханаға жүгінбегенін, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасы жаппай төбелестің кадрларын жариялады – оның қатысушылары бір-біріне соққы жасағанын көруге болады.

Арна авторларының айтуынша, оқиға Қызылордада болған.

Оқиға туралы облыстық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді.

"Қызылорда полициясы жастар тобының бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қылмыстық іс қозғалды. Жағдайлар анықталады. Медициналық мекемеге жүгіну фактілері жоқ", - делінген жауапта.

Назар аударыңыз: видеода балағат сөздер мен зорлық-зомбылық көріністері бар. Психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмағандарға көру ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097506-qyzylordada-bolgan-zhappai-tobelesting-videosy-tarady/

pixel