Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар түбінде жол апатынан 16 жастағы автошабандоз қаза тапты

Опубликовано:

Анатолий Кин
Анатолий Кин. Фото: instagram.com/sokol_international_circuit

16 жастағы автошабандоз Анатолий Кин қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Павлодарға бара жатқан жолда болған. Қайғылы оқиға туралы CTK Sokol автодромының өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның ең жас автошабандоздарының бірі Анатолий Кин жол апатынан қаза тапты.

"Павлодарға барар жолда болған апат бәріміз үшін қайғылы оқиға болды, онда біздің чемпионаттың ең жас және ең талантты пилоттарымыздың бірі қаза тапты. Толя, сен өз арманыңа қарай асықтың және тек үлкен тілек пен жақындарың мен достарыңның қолдауымен самғау биіктерге жетіп, ең үздіктерінің бірі болдың. Біз сенімен мақтанамыз және сен біз үшін мәңгі 16 жастағы Толя болып қала бересің", - делінген CTK Sokol автодромының Instagram-дегі профилінде.

Анатолийдің Instagram-дағы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, жас автошабандоз – Павлодар тумасы. Жігіт YouTube-те видео жариялаған, сонымен қатар TikTok пен Telegram-да өзінің өмірі мен жетістіктері туралы үнемі айтып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097512-pavlodar-tubinde-zhol-apatynan-16-zhastagy-avtoshabandoz-qaza-tapty/

pixel