Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі бала терезеден құлап кетті: ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағатта 2 бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ТЖМ ақпаратынша, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түскен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.

Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097782-eki-bala-terezeden-qulap-ketti-tzhm-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/