Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы LRT құрылыс алаңында автокөлік краны құлады (фото)

Опубликовано:

Құрылыс алаңы
Құрылыс алаңы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанадағы LRT құрылыс алаңында кран құлады. Оқиға орнына ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елордадағы департаменті өкілдері аттанған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай фактісін растады. Оқиға орнына комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы да аттанған.

"9 мамырда сағат 11:36-да Есіл ауданындағы Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында "LRT құрылысы" құрылыс алаңында ZOOMLION автокөлік краны құлап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", делінген хабарда.

ZOOMLION автокөлік краны China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі екені анықталды.

"Апаттың алдын ала себебі – артық жүк салу. Автокөлік краны есепте тұрған жоқ, жұмысқа рұқсат алмаған. Нәтижесі туралы қосымша хабарланады. Апатты зерттеу үшін комиссия құрылады", - деді ведомство өкілдері.

Telegram-дағы "Астана - Что? Где? Когда?" арнасындағы ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

Айта кетейік, былтыр көктемде Көкшетауда мұнаралы кран құлап салдарынан 28 жастағы краншы қаза тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097827-astanadagy-lrt-qurylys-alangynda-kran-qulady-foto/