Павлодарда төрт жасар қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомТөрт жасар қыз бала бесінші қабаттан құлап, бас жарақатын алды. Оқыс жағдай 9 мамырда күндіз Павлодарда болған. Алғашқы көмек көрсетуге шақырған жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 5 минуттың ішінде жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 9 мамыр сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.
Зардап шеккен төрт жасар қыз бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балаға жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылғанын нақтылады. Қыз қазір травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Айта кетейік, 8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кеткенін жазған едік. ТЖМ ақпаратынша, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап кеткен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.
Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098100-pavlodarda-tort-zhasar-qyz-bala-5-qabattan-qulap-ketti/