Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде күдіктілерді қуып келе жатқан полиция көлігі жеңіл көлікке соғылды

Опубликовано:

полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде қарақшылық жасады деп күдікке ілінгендерді қуып келе жатқан полиция көлігі жеңіл көлікке соғылды, деп жазады "Диапазон" басылымы.

Кеше, 9 мамырда тәртіп сақшылары қызметтік көлікпен күдіктілер отырған "ВАЗ" көлігін қуып келе жатып, жолда Nissan көлігімен соқтығысқан. Бір жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді.

Басылым ақпаратынша, Nissan көлігі кері бұрылу кезінде жол ережесін бұзып, төртінші жолаққа ауысқан. Осы жайтқа қатысты қазір тергеу жүріп жатыр.

Қылмыс жасады деп күдікке ілінгендер ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098226-aqtobede-kudiktilerdi-quyp-kele-zhatqan-politsiia-koligi-zhengil-kolikke-sogyldy/