Ақтауда тұрғын үйлердің маңында жоғары қысым салдарынан газ атылды (видео)
Жарияланған күні:
Ақтаудағы 15-ші ықшамауданда газ құбыры жарылып, жоғары қысым салдарынан газ атылды. Апат орнында өрт сөндірушілер мен газ қызметінің қызметшілері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым жазуынша, бүгін түс ауа 14.32-де Ақтаудағы 15-ықшамауданда газ құбыры жарылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Өрттің алдын алу мақсатында оқиға орнына 2-мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері жіберілді.
Газ құбырынан жоғары қысыммен газдың атылғаны анықталды. Оқиға орнында 104 газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін ауыр жүк көлігі магистральдық газ құбырына соқтығысуы салдарынан Алматыдағы Наурызбай ауданының бірнеше ықшамауданында газ беру тоқтаған болатын. Төтенше жағдайды реттеу мақсатында қаланың барлық коммуналдық қызметі мен құтқару қызметі жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098454-aqtauda-turgyn-uilerding-mangynda-zhogary-qysym-saldarynan-gaz-atyldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.