Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық полицейлер ерлі-зайыптыны үш баласымен бірге өртене бастаған көліктен алып шықты

Опубликовано:

Өртеніп жатқан көлік
Оқиға орны. Видеодан кадр: Жамбыл облыстық ПД

Жамбылдық полицейлер өртеніп жатқан көлікте қалып қойған бүтін бір отбасына көмектесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолының учаскесін патрульдеу кезінде көліктен өрт шыққанын байқап, тоқтаған. Олар бірден жүргізуші мен жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел түрде қажетті шараларды қабылдаған.

"Көлікте жүргізуші, әйелі және үш баласы болған. Полицейлер оларды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ балалар мен олардың анасын Алматыға жету үшін жолай басқа көлікке салып жіберді", - делінген ПД хабарламасында.

Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кеткен.

Қызметкерлер дереу өрт сөндірушілерді шақырып, көлік өртенген аумақтан өтетін басқа көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Өрт толығымен сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Көлік жүргізген азамат полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, жедел көмек көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098514-zhambyldyq-politseiler-erli-zaiyptyny-ush-balasymen-birge-ortene-bastagan-kolikten-alyp-shyqty/