Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде лифт шахтасы құлап, үш адам ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Семейде ішінде алты адамы бар лифт шахтасы құлап, үш адам зардап шекті. Олардың аяғы бірнеше жерден сынған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Оқыс жағдай 8 мамырда болған. Куәгердің айтуынша, лифт алты адамның салмағын көтере алмай құлап кеткен.

"Жолдасым екеуіміз болдық. Одан кейін екі жас қыз болды. Төртеуіміз болдық. Оныншы қабаттан тоқтатты. Сол жерде екі әйел "такси тосып тұр" деп мінуге рұқсат сұрады . Біз қарағанша, мініп алды. Одан кейін екі қабат жүрдік те, бітті, төмен кетті", - дейді Гауһар Қозыбаева.

Дәрігерлер науқастардың жағдайы бірқалыпты екенін айтқан. Ал апаттың нақты неден болғанын мамандар анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. 14 қабатты үйдегі жедел сатының жұмыс істеп тұрғанына 34 жыл болған.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел саты тұрғын үй қатынастар заңының 2-бабының 14-тармағына сәйкес ортақ мүлікке жатады. Енді тұрғындар жедел сатыға күрделі жөңдеу жүргізуі керек", - дейді Семей тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Серік Байділданов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098625-semeide-lift-shahtasy-qulap-ush-adam-auruhanaga-tusti-video/