Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Терезеден қол жеткізбек болды": Алматыда жол бойында болған жанжал видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол бойында болған жанжал
Жол бойында болған жанжал. Видеодан кадр: instagram.com/newscorr

Желіде екі көлік жүргізушілерінің жанжалы түсірілген видео пайда болды. Видеоны жанжалға қатысушы адамдардың бірі түсірген. Аталған жайт Алматыда болғаны хабарланды. Бұл жағдайға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған жазбаға сүйенсек, 9 мамырда сағат 19.00 шамасында Алматыда Мұстафина мен Торайғыров көшелерінің қиылысында, кәуапхана маңында болды. Кәуапхана маңында алкогольге мас күйде болған клиент шу шығарған.

"Видеодан алкогольге мас күйде тұрған сұр түсті Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі жақын жерде тұрған көлікті айналып өте алмай, басқа жүргізушіге шабуыл жасағанын көруге болады. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл азамат мекеменің тұрақты клиенті және бұрынғы полиция қызметкері", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Сондай-ақ жанжалға қатысушылардың бірі көлігінің ішінде отырып, алкогольге мас күйдегі ер адам көліктің жанында тұрып, сәл ашық тұрған терезе арқылы жүргізушіге қол жеткізбек болғанын түсіріп алды. Кейін мас күйдегі ер адам видео авторының көлік әйнегін сындырған.

"Кет ары, кет деймін! Не істемек ойың бар? Мен сізге ештеңе істеген жоқпын, ағасы. Қазір патруль шақырамын", - деді видео авторы.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды, құқық бұзушы сот қаулысымен 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол ешқашан ішкі істер органдарының қызметкері болмаған", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2098802-ket-ary-almatyda-zhol-boiynda-bolgan-zhanzhal-videoga-tusip-qaldy/