Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салған

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарда мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер күдіктіні ұстады.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті өкілдері.

Полиция тергеу мүддесі үшін мән-жай жария етілмейтінін мәлім етті.

Айта кетейік, Қарағанды аудандарының бірінде ер адамға пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталған болатын.

Сондай-ақ, 30 сәуірде Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2099627-pavlodarda-mektep-oqushysy-synyptasy-men-mugalimge-pyshaq-zharaqatyn-salgan/