Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қызметтік көлік мінген полицейлер көлікпен соқтығысты (фото, видео)

Опубликовано:

Патрульдік көлік
Патрульдік көлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде Шымкентте патрульдік полиция қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол апатының видеосы пайда болды. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы жаңалықтар арнасына сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, 9 мамырда алкогольге мас күйдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туындатқан.

Жол апатын алдын алу үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын қызметтік автокөлікпен жауып, салдарынан соқтығысқан.

"Көрші облыстағы әріптестерімізден ұрланған көлік туралы хабарлама келіп түсті. Рульдегі адамның мас күйде екенін бірден түсіндік. Қауіпті жүргізушіні тоқтату мақсатында жолын жаптық. Мұны жол қозғалысына өзге де қатысушыларының қатысуымен қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында, азаматтардың амандығы үшін жасадық", – дейді полицейлер.

Күдікті көлікті алкогольге мас күйде басқарғаны әрі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ Түркістан облысының тәртіп сақшылары автокөлікті ұрлау дерегін тергеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2100038-shymkentte-politseiler-qyzmettik-kolikpen-ozge-kolikpen-soqtygysty/