Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адам жұмыс берушінің мүлкін өртеп жіберді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: Manuel Rodriguez Sevillano / Getty Images

Ақмола облысында ер адам жұмыс берушінің мүлкі – тұруға арналған вагонын өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Біржан сал аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті кәсіпкерден арыз түскен. Кәсіпкер 8 наурызда белгісіз біреулер осы ауданда орналасқан өз ЖШС-на тиесілі тұруға арналған вагонды өртеп жібергенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңге болған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол осы кәсіпорынның қызметкері, Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

Аталған факт бойынша полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2100290-aqmola-oblysynda-er-adam-zhumys-berushining-mulkin-ortep-zhiberdi-degen-kudikke-ilindi/