Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО тұрғыны әйеліне зілбалғамен шабуылдап, 495 млн теңгенің мүлкін қиратқаны үшін сотталды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Солтүстік Қазақстан тұрғыны денсаулыққа ауыр зиян келтіргені және бөтеннің мүлкін зақымдағаны және жойғаны үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавл қалалық соты К. мен П. бөтеннің құны аса ірі мүлкін зақымдағаны және жойғаны үшін, П-ны денсаулыққа аса ауыр зақым келтіргені үшін соттады.

Сотталушы П. 2020 жылдың маусымында өзімен бірге тұратын әйелге балғамен қасақана ұрған, оның денсаулығына зиян келтірген. Бұдан бөлек 2023 жылғы мамырда Золотая Нива ауылында орналасқан сақтау қоймаларына от қойып, сонымен қатар жәбірленуші А-ға 495 миллион теңге сомасында шығын келтірген.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің, сарапшылардың және басқа мамандардың қорытындыларымен дәлелденді.

Жәбірленуші тарап талап арызды қанағаттандыруды және сотталушылардан келтірілген шығынның сомасын өндіріп алуды сұрады. Жаза бойынша сұрақты соттың қарауына қалдырды.

Қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұрады.

Сот К-ның қылмыстық жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кішкентай баласының барын таныды.

Сот К. мен П.-ға қатысты ауырлататын мән жайлар ретінде қылмыстық құқықбұзушылықты алдын ала сөз байласып жасағанын, П. алкогольге мас болғанын жатқызды.

Сот үкімімен азамат К. Қылмыстық кодекстің 202 бабының 3 бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды, П. Қылмыстық кодекстің106 бабы 1 бөлігі бойынша 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Олардың жасасын өтеу орын болып қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі анықталды.

Жәбірленушілердің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2100380-sqo-da-turgyn-aieline-zilbalgamen-shabuyldap-500-mln-tenggening-mulkin-qiratqany-ushin-sottaldy/