Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған маңында әскери жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты: бір адам қаза тапты

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/taldykorganec.insta_

Талдықорған маңындағы республикалық тасжолда әскери жүк көлігі жеңіл автокөлікке соғылып, салдарынан әйел адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Кадрлардан қан тиген автокөлік пен КамАЗ әскери жүк көлігін көруге болады. Мұнда патрульдік полиция қызметкерлері мен бірнеше әскери қызметкер жүр. Автор жол апатынан бір қыз қаза тапты деп хабарлады.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 270-километрінде болғарн. КамАЗ бен Mazda көліктері соқтығысқан.

"Алматы-Өскемен тасжолының 270 километрінде КамАЗ жүргізушісі бұрылыста оң жақ шеткі жолақтан маневр жасап, сол бағытта келе жатқан Mazda 626 көлігімен соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан Mazda жолаушысы қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2100455-taldyqorgan-mangynda-askeri-zhuk-koligi-zhengil-kolikpen-soqtygysty-bir-adam-qaza-tapty/