Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты
Жарияланған күні:
Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты – оған аса ірі мөлшерде қорқытып алу бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Прокурор Гүлмира Сатыбалды мен екінші сотталушыға айыптау актісін оқып шыққан соң, судья одан үш бап бойынша тағылған айыпты түсінген-түсінбегенін сұрап, оң жауап алған соң, істі алқабилер соты қарағанын қалайтынын не қаламайтынын сұрады.
"Сізге қарсы қозғалған баптардың бірі ерекше ауыр баптар санатына жатады – қорқытып алу. Бұл жағдайда мен сіздің ұстанымыңызды білуім керек: сіз істі судья қарағанын қалайсыз ба әлде алқабилер қарағанын қалайсыз ба?" - деп сұрады судья Мәртпек Кәкімжанов.
"Мен сізге сенемін", - деді Гүлмира Сатыбалды.
Оның қорғаушыларының пікірінше, айыптаушы тарап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында (Аса ірі мөлшерде қорқытып алу) әрекеттерді заңсыз саралаған деп есептеп, қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш білдірді.
Айта кетейік, бүгін, 15 мамырда Алматыда Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Сотқа Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек Мәди Батыршаев та тартылған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторында отыр, Гүлмира Сатыбалды Астанадағы тергеу изоляторына қамалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2101187-gulmira-satybaldy-alqabiler-sotynan-bas-tartty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.