Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалып кеткен үш жасардың қыздың денесі табылды

Жарияланған күні:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында жоғалып кеткен үш жасар қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды. Бүлдіршіннің денесі әжетханадан табылды, деп Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның ақпаратына сәйкес, қыз баланың денесі үш күннен кейін әжетханадан табылған.

KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған оқиға бойынша пікір алу үшін Түркістан облысының полиция департаментіне жүгінді. Құқық қорғашулылар әзірге жауап бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында Асылым есімді қыздың жоғалып кеткені туралы хабарланды. Бүлдіршін анасы үй шаруасымен айналысып жатқан кезде есіктің алдында ойнап жүргенде жоғалып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2103119-turkistan-oblysynda-zhogalyp-ketken-ush-zhasardyng-qyzdyng-denesi-tabyldy/