Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қақпаның жанында ойнап жүрген": Түркістан облысында үш жасар қыз жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Кішкентай қыз
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Рixabay.com

Түркістан облысында полицейлер мен еріктілер 16 мамырда жоғалып кеткен үш жасар қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жоғалған қыз туралы ақпарат Instagram-дағы volunteer_shymkent_lider.kz парақшасында жарияланды.

Түркістан облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 2021 жылғы Асылым есімді қыз 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында есіктің алдында ойнап жүріп жоғалып кеткенін мәлімдеді.

"Таңғы сағат 9-да анасы үй шаруасымен айналысып жатқанда, қыз қақпаның жанында ойнап жүрген, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта құтқарушылар сүңгуірлермен бірге арықты тексерді. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр, ауладағы барлық септик пен құдықтар тексеріліп жатыр. Қызды іздеуге полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар шықты", - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қыз Микки Маустың суреті бар сары көйлек киген, ал аяғында қызыл түсті аяқ киім болған. Шашы тақырлап алынған.

Полицейлер қызды көрген-білгендер болса 8 777 679 1824 немесе 102 нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2102888-qaqpanyng-zhanynda-oinap-zhurgen-turkistan-oblysynda-ush-zhasar-qyz-zhogalyp-ketti/