Павлодардағы кадет мектебінде жаппай төбелес болып, үш оқушы жараланған
Жарияланған күні:
Павлодарда кадет корпусындағы төбелес кезінде үш оқушы зардап шекті. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бейресми ақпарат бойынша, төбелеске кемінде 40 оқушы қатысқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Төбелес туралы ақпаратты Telegram-дағы kerek.pv арнасы жариялады. Жазбада кадет корпусында "кем дегенде 40 адам қатысқан" жаппай төбелес болғаны айтылған. Telegram-дағы ақпарат бойынша, үш жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
Павлодар облысының полиция департаменті жазбадағы Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған "Жас сарбаз" мектеп-лицей-интернатында болған төбелес фактісін растады.
"Тергеу барысында полиция қызметкерлері кабинеттердің бірінде төбелес болғанын анықтады. Үш оқушы дене жарақатын алды. Оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйлеріне жіберілді", - делінген ведомство хабарламасында.
"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Алайда полицейлер төбелеске қанша адам қатысқанын хабарлаған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2104695-pavlodardagy-kadet-mektebinde-zhappai-tobeles-bolyp-ush-oqushy-zharalangan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.