Балқаш маңындағы тасжолда болған жол апатынан 11 адам зардап шекті (фото)
Жарияланған күні:
Алматы – Екатеринбург тасжолының Балқаш маңындағы аумағында 3 маусымда жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан 11 адам зардап шекті. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"ТЖМ АМО филиалының "Балқаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері Алматы – Екатеринбург трассасының 621 шақырымында жол-көлік оқиғасына шақыру бойынша шықты", - делінген хабарламада.
Министрлік ақпараты бойынша, зардап шеккен 11 адамға медициналық көмек көрсетіліп, бір бала Балхаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды.
Еске салайық, бұған дейін "Алматы – Шелек – Қорғас" автожолының 222 шақырымында рейстік автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған екінші жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, 11 жолаушы түрлі жарақат алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2111112-balqash-mangyndagy-taszholda-bolgan-zhol-apatynan-11-adam-zardap-shekti-foto/