Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Фельдшердің тамағына пышақ тақаған": денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаның жай-жапсарын айтты

Опубликовано:

Қолында пышағы бар ер адам
Пышақ ұстаған ер адам. Көрнекі фото: natasaadzic/Getty Images

Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері 103 пультіне жеделдіктің 3-санаты бойынша қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасын әйел адам шақырған.

"Айтылған мекенжайға келген кезде дәрігерлер алкогольге мас күйде озбырлық танытқан ер адамды байқаған.

Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруге кіріскенде, ер адам фельдшерді ұстап алып, оны бөлмеге сүйреп, фельдшердің тамағына пышақ тақап, бөлмені жауып алған. Екінші фельдшер бұл туралы "Алматы" ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырған. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін қашып үлгерді. Шабуыл салдарынан фельдшер де, оған шабуыл жасаған адам да жарақат алған жоқ ", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұған дейін де жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты осыған ұқсас жағдайлар болған. 2024 жылы қаңтар-сәуір аралығында мұндай тағы тоғыз жайт тіркелген.

"Басқарма қала тұрғындарын медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетіп, оларға қатысты агрессивті әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Жедел жәрдем қызметкерлерінің басты мақсаты – шұғыл медициналық көмек көрсету және пациенттердің өмірін сақтау екенін түсіну маңызды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адам мас күйде есікті жауып алып, фельдшерді пышақпен қорқытқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2111199-feldsherding-tamagyna-pyshaq-taqagan-elordalyq-densaulyq-saqtau-basqarmasynyng-okilderi-oqiga-qalai-bolganyn-baiandap-berdi/