Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның шығысында дауыл соғып, екі қабатты үйдің шатырын жел ұшырып әкетті (видео)

Опубликовано:

Дауыл салдарынан төртқабатты үйдің шатыры желмен ұшырылып әкетілді
Дауыл салдарынан құлаған үйдің шатыры. Видеодан кадр: astanatv.kz

Шығыс Қазақстан облысында дауыл салдарынан екі қабатты үйдің шатыры желмен жұлынып әкетілді. Үй шатыры көлік жолына құлаған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарна ақпараты бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Черемшанка ауылында дауыл болған. Қатты жел салдарынан төртқабатты үйдің шатыры желмен ұшырылып әкетілді. Видеодан үйдің шатыры дәл көлік жолына құлағанын көруге болады. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ электр желісі зақымданған.

Глубокое ауданының әкімдігі бұл жеке үй екенін, баспананы қалпына келтіру мәселесіне қатысты үй иелері жауап беруі керегін мәлімдеді. Дегенмен тұрғындар кейбір қаржылық көмек ала алады.

"Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету бағдарламасы бар және азаматтарда дауыл болғаны туралы анықтама болса, үй иелеріне көмек көрсетіледі. Комиссия үй иелерінің құжаттарын жинауға көмектеседі. Кейін оларға 100 АЕК көлемінде материалдық көмек беріледі", - деді аудан әкімінің орынбасары Елена Старенкова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2111685-qazaqstannyng-shygysynda-dauyl-sogyp-eki-qabatty-uiding-shatyryn-zhel-ushyryp-aketti-video/