Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед жол талғамайтын көлікке соғылды: бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Мопед
Мопед. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Дүйсенбі, 3 маусымда Алматыда адам шығынына әкеп соқтырған жол апаты болды: жол қиылысында Toyota Land Cruiser мен мопед соқтығысты. Бұл туралы полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оңтүстік астананың полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Алматының Жетісу ауданында сағат 21:20-да болған.

"Мопед жүргізушісі Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Жұмабаев көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кетіп, солтүстік бағытта келе жатқан және Жұмабаев көшесіне бұрылмақшы болған Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан", - делінген полиция хабарламасында.

Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ведомство өкілдері адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын атап өтті. Сараптамалар тағайындалған, қазір оқиғаның мән-жай анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, сәуір айында Алматыда "Лексус" көлігімен соқтығысқан мопед жүргізушісі қаза тапқан болатын. Ал өткен жылдың қазан айында Алматыда мопед "КамАЗ" көлігімен соқтығысқан. Мопед тізгіндеген жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, сәуір айында Қазақстанда мопедшілерге жаңа талаптар енгізілетіні белгілі болды. Заң жобасына сәйкес мыналар ұсынылады:

  • қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу;
  • мопед жүргізушілеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
  • жергілікті атқарушы органдарға электрлі самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі құзырет беру;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру стандарттарын енгізу.

Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде:

  • рұқсат етілген жылдамдық шегінен айтарлықтай асып кеткен тұлғалар үшін қатаң жауапкершілік енгізілуде;
  • мопед жүргізушілері автокөлік құралдарының жүргізушілері ретінде қарастырылады;
  • жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты қайталанатын құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаның жауапкершілігі артады.

Кейінірек, кулуарда ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мопед жүргізушілеріне жаңа талап енгізіліп жатқанын хабарлады. Енді бұл көлікті тек 16 жастан бастап жүргізуге болады, ол үшін А1 санаты қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2111853-almatyda-moped-zhol-talgamaityn-kolikpen-soqtygysty-bir-adam-qaza-tauyp-tagy-bir-adam-auruhanaga-zhetkizildi/