Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында колониядан тұтқын қашып кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түрме
Түрме. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында колониядан сотталғандардың бірі қашып кетті. Оның қалай қашып кеткені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, кеше қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден сотталған ер адам қашып кеткен – ол жұмыс орнынан оралмаған.

"Қашу фактісі бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде оның жүрген жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері.

Айта кетейік, өткен жылдың шілдесінде Қарағанды облысының Долинка ауылында №31 мекемеге (қауіпсіздігі орташа) іргелес әкімшілік аумақта жұмыс істеп жүрген тұтқын қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2112987-qaragandy-oblysynda-koloniiadan-tutqyn-qashyp-ketti/