Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бес жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде кішкентай бала абайсызда жетінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпарат бойынша, Ақтөбеде 5 жастағы бала бөлмесінде ойнап жүріп, көпқабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен абайсызда құлап кеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан бала ауыр дене жарақаттарын алып, оқиға орнында көз жұмды. ​

Полицейлердің дерегінше, Ақтөбе облысында жыл басынан бері жеті жасөспірім терезеден құлап кеткен. Салдарынан бір бала қаза тапқан.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің өкілдері қайғылы жағдайдың алдын алу үшін мына кеңеске құлақ түруге шақырады:

  • кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдыруға болмайды;
  • терезенің шыбын-шіркейлерден қорғайтын торлары баланы құлаудан сақтамайды. Оны үнемі есте сақтау керек;
  • балалардың балконға ересектің қарауынсыз кіруіне жол бермеген жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2113221-aqtobede-bes-zhasar-bala-zhetinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/