Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі көлік өртенген: Павлодарда техникалық қызмет көрсету орталығы өртке оранды

Опубликовано:

ТҚО-дағы өртті сөндіру сәті
Өрт сөндірушілер. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін, 7 маусымда таңғы уақытта Павлодарда техникалық қызмет көрсету орталығында (ТҚО) өрт шықты – орталықта екі көлік өртенген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін таңертең Павлодардағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт болды.

Ведомство ақпараты бойынша, орталықта құрал-саймандар, жабдық, екі көлік жанып кеткен. Өрт аумағы 150 шаршы метрге жетті.

Өрт сөндірушілерге өрт шыққаны жайлы хабарлама келіп түскеннен кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) күштері оны 29 минут ішінде толық жойды.

Сондай-ақ ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2113650-eki-kolik-ortengen-pavlodarda-tehnikalyq-qyzmet-korsetu-ortalygy-ortke-orandy/