Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы баланың денесі табылды

Опубликовано:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында 4 маусымда үйінін шығып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен 13 жастағы баланың денесі бесінші күн дегенде Елек өзенінен табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін Ақтөбе облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары Елек өзені аймағында сағат 09:45-те жағадан 15 метр қашықтықта 1,5 метр тереңдіктен жоғалған баланың денесін шығарды", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция өкілдері қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

Баланы іздеуге 500-ге жуық адам тартылған, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер мен қызметтік иттер бар және іздеу жұмыстары кезінде 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылған.

Айта кетейік, бұған дейін 13 жастағы Жетіру Кәрім атты бала 4 маусымда сағат 17:40 шамасында Ақтөбе қаласы Заречный 1 ауылы Телефонный көшесіндегі үйінен шығып кетіп, оралмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2114298-aqtobede-zhogalyp-ketken-13-zhastagy-balanyng-denesi-tabyldy/