Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау маңында жол апатынан екі оқушы қаза тапты

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған көлік
Апатқа ұшыраған көлік: lada.kz

Маңғыстау облысында Ақтауға жақын маңдағы тасжолда жол апаты болды. Көлікте төрт оқушы болған – олардың екеуі қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға тасжолдың 21-шақырымда Ақшұқыр ауылының маңында болған.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы баспасөз қызметі оқиға кезінде көлікте төрт мектеп оқушысы болғанын хабарлады. Оқиға салдарынан 2008 және 2009 жылы туған екі оқушы көз жұмған.

"Бір жәбірленуші ауыр жағдайда реанимацияда жатыр, екіншісі ауруханаға жатқызуды қажет етпеді және үйіне жіберілді", - дейді дәрігерлер.

Бұл ретте Маңғыстау облысының полиция департаментінің өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2114370-aqtau-mangynda-zhol-apatynan-eki-oqushy-qaza-tapty/