jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды (видео)

    Жол апатының орны
    Жол апатының орны. Фото: t.me/patriot_patriot

    Кеше кешке Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл оқиға туралы өңірлік полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі dorogi_karagandy парақшасында жарияланды. Ал Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне 8 маусымда сағат 22:23-те "Қызылорда-Павлодар" тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көлігі соқтығысқанын айтты.

    Жол апаты салдарынан төрт жолаушы мен Chevrolet Cobalt көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Audi көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы, Toyota көлігінің 39 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

    "Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді тәртіп сақшылары.

    Ескерту! Видеода балағат сөздер бар! 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен психикасы әлсіз адамдарға көруге кеңес берілмейді!

    Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тауып, үш адам жарақат алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.