jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Еліміздің тағы бір өңірінде жол апатынан бес адам қаза тапты

    Апат орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері
    Апат орнындағы жедел жәрдем қызметкерлері. Видеодан кадр: instagram.com/police_almobl

    Алматы облысында жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты Алматы – Өскемен тасжолының 55 шақырымында болған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты.

    Полиция өкілдерінің мәліметінше, Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.

    "Бұл факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Құрметті жүргізушілер, рұқсат етілген жылдамдық режимін асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген ІММ хабарламасында.

    Еске салсақ, 8 маусымда Қызылорда – Павлодар тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көлігі соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапқанын жазған едік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.