jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында жүргізуші кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды қағып, мерт қылды (видео)

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_issyk

    Алматы облысының Есік қаласында жүргізуші кәмелетке толмаған 3 және 14 жастағы екі қызды қағып, мерт қылды. Жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қайғылы оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_issyk парақшасында жарияланды.

    "8 маусымда кешкі сағат 21:10-да саяжай аумағында 14 жастағы және үш жасар екі қызды қағып кеткен. Қыздар оқиға орнында көз жұмды", - делінген жазбада.

    Алматы облысының полиция департаменті бұл деректі растады.

    Полицейлердің хабарлауынша, 8 маусымда Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан Mercedes Benz көлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған екі қызды қағып кеткен.

    Апат салдарынан екі қыз да сол жерде көз жұмды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.