Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүргізуші ұйықтап кеткен": Ақтөбе облысында жол апатынан ағайынды жігіттер қаза болды

Опубликовано:

жол апаты
Жол апатына түскен көлік. Фото: куәгерлерден

9 маусымда Ақтөбе-Астрахань тас жолында қайғылы жол апаты тіркелді. Таңғы уақытта, ауылға жақындап қалғанда жүргізушінің көзі ілініп кеткен. Оқиға кезінде екі адам көз жұмып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға сағат 06.30 шамасында Ақтөбе облысының Темір ауданы аумағында болды. "Ақтөбе-Астрахань" тас жолының 156 шақырымында Opel Zafira автокөлігі қарсы бағытқа шығып, жол бойындағы қоршауға соғылған. Оқиға орнында 27 жастағы жүргізуші мен 21 жастағы жолаушы мерт болды.

"Автокөлік Ақтөбе қаласынан Шұбарқұдық ауылы бағытына келе жатқан. Такси емес, екеуі ағайындылар. Ішімдік ішпеген, жолда ұйықтап кеткен. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен Темір ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс тіркелді",- деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі өкілдері.

Жол апатынан зардап шеккен 32 жастағы тұрғын Темір аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Жол апатынан 1992 жылы туған науқас Темір аудандық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы орташа ауырлықта. Есін біледі, қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Хирургиялық бөлімшеде ем алып жатыр. Жарақаты тігілді. Жағдайы тұрақты ауыр", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2114898-zhurgizushi-uiyqtap-ketken-aqtobe-oblysynda-zhol-apatynan-agaiyndy-zhigitter-qaza-boldy/