Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында оқу-жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты

Жарияланған күні:

Әскери адам
Әскери адам. Көрнекі сурет: Suzanne Kreiter/The Boston Globe via Getty Images

Абай облысындағы Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі көз жұмды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін, 13 маусымда оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды.

Бұл факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады.

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетіледі", - делінген Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2117163-abai-oblysynda-oqu-zhattygu-kezinde-merzimdi-qyzmettegi-askeri-qyzmetshisi-koz-zhumdy/