Алматыда зейнеткерді пышақтап, әмиянын алып кеткен күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Алматыда әйелді қорғамақ болған егде жастағы ер адамды белгісіз біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен. Зейнеткер жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның медиа-порталында жарық көрген ақпарат бойынша, Алматы полициясы зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні ізін суытпай анықтаған.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұл жағдай Қарасу ықшам ауданында болған – әйелді қорғауға тырысқан егде жастағы ер адамды белгісіз біреу пышақтап, әмиянын алып кеткен.
"Бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатқан жәбірленуші түсінік бере алмады. Біз оның денсаулығына және тергеу бұл қылмысты "ізін суытпай" ашуға болатын алтын уақытты өткізіп алған болуы мүмкін деп алаңдадық.
Жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында күдікті ұсталып, қамауға алынды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.
Зейнеткердің туыстары қылмыскерді қолға түсіргені үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118633-almatyda-zeinetkerdi-pyshaqtap-amiianyn-alyp-ketken-kudikti-ustaldy/