Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында газ жабдығын заңсыз қоспақ болған екі адам жарылыстан зардап шекті

Опубликовано:

Арал қаласында газ жарылды
Арал қаласында газ жарылды. Фото: "QazaqGaz Aimaq" АҚ

Қызылорда облысы Арал қаласында газ жабдығын заңсыз қоспақ болған екі адам жарылыстан зардап шекті. Олар шұғыл түрде Арал қалалық орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "QazaqGaz Aimaq" АҚ-ға сілтеме жасап.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы өкілдерінің хабарлауынша, аудандық ішкі істер департаментінің аға кезекшісінен Қызылорда облысы Арал қаласындағы Бекетай би көшесінде газ жарылысы туралы қоңырау келіп түскен.

Компания мәліметіне сүйенсек, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Олар шұғыл түрде Арал қалалық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі сәтте жағдайлары ауыр.

"Алдын ала тексеріс нәтижесі бойынша, үй иесі қосымша газ жабдығын қосу үшін кездейсоқ адамдарды жалдаған. Тағы бір жабдықты газға қосуға рұқсаты да жоқ болып шықты.

Монтаж жұмыстары кезінде жалдаған адамдары қауіпсіздік шараларын сақтамай, жарылыс болған. Арал аудандық полиция бөлімі істің анық-қанығын анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Оқыс оқиғаға байланысты техникалық сараптама жүргізілмек.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ өкілдері тұтынушыларды газ жабдықтарын пайдалануда абай болуға шақырды.

Олар ережеге сай газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше қосылу, газ жабдығын ауыстыру және жөндеу, қосымша жабдықты монтаждауға рұқсат етілмейтінін ескертті

"Газ жабдықтарын монтаждау мен орнатуды тек мамандар ғана орындауға тиіс", - деді компания өкілдері.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118996-qyzylorda-oblysynda-gaz-zhabdygyn-zangsyz-qospaq-bolgan-eki-adam-zharylystan-zardap-shekti/