Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әйелді пышақтап кетті деп күдікке ілінген ер адам басқа қалада ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Күдіктіге кісен салу
Күдіктіге кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полицейлер Атыраудағы кіреберістердің бірінде әйелге шабуыл жасады деген күдіктіні ұстады. Ер адам Ақтауға жетіп үлгерген. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 жылғы әйел адамды өлтіруге оқталған 1995 жылғы күдікті Ақтау қаласынан анықталып, ұсталды", - делінген полиция хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасағанын жазған едік. Полицейлер күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болғанын анықтады. Әйел жансақтау бөліміне түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2119158-atyrauda-aieldi-pyshaqtap-ketti-dep-kudikke-ilingen-er-adam-basqa-qalada-ustaldy-video/