"Баспалдақтың астында жасырынып күтіп тұрған": Атырауда ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, қашып кеткен
Жарияланған күні:
Атырауда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Полицейлер күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болғанын анықтады. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ер адам әйелді пышақтап кеткені туралы ақпарат НеМолчи.Kz қоғамдық қорының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Қызға ер адам пышақпен шабуыл жасады, болжам бойынша, күдікті оның бұрынғы жігіті. Ол оған бірнеше рет пышақ сұққан, оның біреуі – терең. Оның тамақ аймағында пышақты қалай баяу жүргізгенін мұқият қараңыз. Сондай-ақ оның баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз", - делінген жазбада.
Қоғамдық қор өкілдерінің ақпаратынша, әйел қаладағы супермаркеттердің бірінде жұмыс істеп жүрген. Сол күні подъезд арқылы дәретханаға шығып бара жатқан. Бұған қоса олар әйелдің жансақтау бөліміне түскенін жазған.
KAZ.NUR.KZ тілшісіне осы жайтқа қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік беріп, қазір күдікті іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
"9 маусымда Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.
Күдіктінің жеке басы анықталды, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - делінген полиция хабарламасында.
Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар. Оны психикасы әлсіз, аяғы ауыр әйелдер мен 18 жасқа толмағандарға көруге ұсынылмайды!
.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2118465-baspaldaqtyng-astynda-zhasyrynyp-kutip-turgan-atyrauda-er-adam-aielge-pyshaq-zharaqatyn-salyp-qashyp-ketken/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.