Павлодарда жол апатына ұшыраған көлік өртке оранды
Жарияланған күні:

19 маусымда Павлодарда жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан көлік өртенген. Өрт сөндірушілер көлікті 17 минуттың ішінде сөндірген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство ақпараты бойынша, бүгін Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл автокөлік өртке оранды.
"ТЖМ күштерімен өрт шақырту сәтінен бастап 17 минут ішінде жойылды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында өрт салдарынан қатты зақымданған көліктің фотосын жариялады.
"Жол көлігінде төтенше жағдай болған жағдайда 112 номеріне хабарласыңыз", - деп ескертті ведомство өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120016-pavlodarda-zhol-apatyna-ushyragan-kolik-ortk-orandy-foto/