Астанаға ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Ташкенттен Астанаға ұшып шыққан Uzbekistan Airways әуекомпаниясының ұшағы дабылдың жалған іске қосылуына байланысты әуежайға оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуе тасымалдаушысына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәселе "Ташкент – Астана" (HY721) рейсі туралы болып отыр.
"Жүк бөлімінің есігіне байланысты жалған дабыл қосылуына байланысты экипаж биікке көтерілуді тоқтату және ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Мамандар әуе кемесін ұшуға дайындау бойынша қажетті жұмыстар жүргізген. Жақын арада ұшақ рейсті орындауды жалғастыратыны атап өтілді.
"Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп қосты Uzbekistan Airways өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120463-astanaga-ushyp-shyqqan-ushaq-auezhaiga-oraluga-mazhbur-boldy/