Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртенді: тұрғындар эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында өрт шықты
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында өрт шықты. Фото: ТЖМ

Астаналық өрт сөндірушілер алты адамды өрттен құтқарды. 19 маусымда елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконы өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

"Бүгін Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында өрт шықты.

Құтқарушылар күшімен баспалдақпен 6 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды", - делінген хабарда.

Өртсөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 40 минуттың ішінде өрт сөндірілді.

ТЖМ зардап шеккендер жоғын, өрттің алдын ала себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120487-astanada-kopqabatty-turgyn-uiding-balkony-ortendi-turgyndar-evakutsiialandy/