Астанада көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртенді: тұрғындар эвакуацияланды
Жарияланған күні:
Астаналық өрт сөндірушілер алты адамды өрттен құтқарды. 19 маусымда елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконы өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.
"Бүгін Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің балконында өрт шықты.
Құтқарушылар күшімен баспалдақпен 6 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды", - делінген хабарда.
Өртсөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 40 минуттың ішінде өрт сөндірілді.
ТЖМ зардап шеккендер жоғын, өрттің алдын ала себебі анықталып жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2120487-astanada-kopqabatty-turgyn-uiding-balkony-ortendi-turgyndar-evakutsiialandy/