Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тағы бір тұрғын үй кешенінен өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Өрт болған жер. Видеодан кадр: ТЖМ

23 маусымда түнде Астанадағы Алматы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға елорданың Алматы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар балконда тұрмыстық заттар жанып жатқанын анықтаған.

Өртсөндірушілер келгеннен кейін жалын 20 минут ішінде сөндірілді.

ТЖМ өкілдерінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, өткен сенбіде Астанадағы "Хан шатыр" ойын-сауық кешені аумағында өрт шықты.

ТЖМ ғимараттың 2-қабаты мен 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қырындағы қаптамасы өртенгенін мәлімдеді.

22 маусымда кешкі сағат 10-дар шамасында 250 шаршы метр аумақта шарпыған өрт толығымен сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі: от қолданылған. Құтқарушылар өрт кезінде 12 адамды эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122656-astanada-tagy-bir-turgyn-ui-kesheninen-ort-shyqty-video/