jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Эвакуация жүргізіліп жатыр": Астанада көпқабатты ғимараттағы өртті 70-тен астам адам сөндіріп жатыр (фото, видео)

Астанада көпқабатты ғимаратта өрт шықты
Астанада көпқабатты ғимаратта өрт шықты. Фото: ТЖМ

Бүгін, 22 маусымда Астанада орталығындағы көпқабатты ғимаратта өрт шығып, 8 адам эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ мәліметінше, ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.

"16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылған.

Ғимарат әкімшілік және жартылай тұрғын үй. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуациялау жүргізілуде", - делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады.

Ведомство өкілдері әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді.

"Эвакуация жүргізіліп жатыр": Астанада көпқабатты ғимараттағы өртті 70-тен астам адам сөндіріп жатыр (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram