Алматы облысында кішкентай бала қайтыс болды
Жарияланған күні:
Алматы облысында кішкентай бала қайтыс болды. Аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Іске қатысты басқа мәліметтер жарияланбады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыда әйел Горький атындағы саябақтағы айналмалы дөңгелектен құлап, қаза тапты. Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы Almaty News арнасында пайда болды.
Қалалық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Оған не түрткі, сондай-ақ басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - делінген ресми хабарламада.
Бұның алдында Алматы облысында кішкентай бала қайтыс болды. Облыстық Полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне оның қайтыс болған әйелдің қызы екенін растады.
"Кішкентай қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты іске қатысты ақпарат жарияланбайды", - делінген жауапта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2123229-almaty-oblysynda-kishkentai-bala-qaitys-boldy/