Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кішкентай қыздың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

Опубликовано:

Кішкентай қыз
Бүлдіршін. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы облысында көз жұмған бүлдіршінге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше Алматыда М.Горький атындағы саябақта бойжеткен шолу дөңгелегі аттракционынан секіріп, қаза тапты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін облыстық полиция департаменті оның кішкентай қызы өлі күйде табылғанын хабарлаған болатын.

Бүгін Алматы облысының прокуратурасы кішкентай қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Кәмелет жасқа толмаған қыздың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын әрі объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне орай өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді ведомство өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмаған адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2123826-almaty-oblysynda-kishkentai-qyzdyng-olimine-qatysty-zhanga-derekter-belgili-boldy/