jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда 7 жасар қыз баланың үстіне ескерткіш құлап, ауруханада көз жұмды

    Атырауда қыздың үстіне құлаған ескерткіш
    Атырауда қыздың үстіне құлаған ескерткіш. Фото: t.me/guwonline

    Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы алаңында 7 жасар қыз баланың үстіне ескерткіш құлап, ол алған дене-жарақаттары салдарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    25 маусымда қаладағы Жеңіс саябағында толассыз жауған жаңбыр кезінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштердің бірі жеті жасар қыздың үстіне құлады. Оқиға кезінде отбасы серуендеп жүрген.

    Атырау қалалық полиция басқармасы KAZ.NUR.KZ тілшісіне осы жайтқа байланысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

    "26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы алаңында 2017 жылы туған қыз балаға ескерткіш құлап, ол алған дене-жарақаттары салдарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.

    Қазір осы дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Қалалық ПД өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін мәлімдеді.

    Атырауда 7 жасар қыз баланың үстіне ескерткіш құлап, ауруханада көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.