Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көпқабатты үйде пәтер өртенді: 3 адам құтқарылды

Опубликовано:

Оралдағы көпқабатты үйдің пәтерінен шыққан өрт
Көпқабатты үйдің пәтерінен шыққан өрт. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін кешке Оралда көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шыққан. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Бүгін кешке Оралда көпқабатты тұрғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерінде үй заттары мен жиһаз өртенген. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 4 адамды эвакуациялады.

Өрт аумағы 22 шаршы метр болған.

"Өрт сөндірушілер 3 тұрғынды құтқарып, 4 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт 28 минут ішінде сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124681-oralda-kopqabatty-uide-pater-ortendi-3-adam-qutqaryldy/