Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында атыс болып, бір жігіт көз жұмды

Опубликовано:

Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: Рexels.com

Желіде Қонаев қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тарады – бір жігіт қаза болып, бірнеше адам ауруханаға түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысында атыс болғаны туралы ақпарат Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Арна мәліметінше, атыс салдарынан 2003 жылы туған жас жігіт көз жұмған, тағы бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

Алматы облысының полиция департаменті бұл жайтқа түсінік беріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деп күдікке ілінгендерді ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу жалғасуда және облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124876-almaty-oblysynda-atys-bolyp-bir-zhigit-koz-zhumdy/