jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Атырау облысында найзағай түсіп, шетел азаматы қаза тапты (видео)

    Дом загорелся из-за удара молнии
    Пожар. Кадр из видео: azh.kz

    Атырау облысы Миялы ауылында салынып жатқан үйге найзағай түсті. Ғимаратта өрт болып, 35 жастағы өзбекстандық қаза тапты, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

    Басылымның хабарына сенсек, кешкі сағат 7 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Үсенов көшесіндегі үйге найзағай түсіп, өрт шыққан. Бір техникасы ғана бар жергілікті өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері қызыл жалынды ауыздықтады.

    Салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде адам болғаны анықталды. Ол 1989 жылы туған Өзбекстан азаматы болып шықты. Тергеу барысында шетелдіктің осы жылдың 28 мамырында "Бейнеу" шекара бекеті арқылы Қазақстанға келгені және Миялы ауылының тұрғынының үйінде уақытша тіркелгені анықталды.

    Тексеру кезінде мәйіттен дене жарақаты анықталған жоқ. Мәйіт сот-медициналық сараптама үшін аудандық аурухананың мәйітханасына жеткізілген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.