jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағанды облысында екі оқушы қыз өзенге батып кетті

    өзен
    Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Кеше, 29 маусымда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында 2011 және 2009 жылғы екі қыз Нұра өзеніне батып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерде шомылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 29 маусымда Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында екі оқушы қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Жағалаудан қыздардың жеке заттары табылған.

    "Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жердің иірімі қатты, жағадан 4 метрдей жерде тік жар бар. Оқиға орнында үш бала болған. Бір қыз жағада қалған – болған жайтты жақындарына сол қыз хабарлаған", - делінген хабарламада.

    Сағат 19:00-де жедел-құтқару жасағының күштері 2011 жылы туған қыздың денесін тауып, жағаға алып шықты. 2009 жылғы қыз әлі іздестіріліп жатыр.

    Қарағанды облысында екі оқушы қыз өзенге батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.